Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жүк көлігінен секірген әйел мерт болды

2021 жылдың 25 мамыр 2021 16:42

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «ГАЗельден» секірген әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 23 мамырда сағат 18:30 шамасында «Атырау-Индер» жолында болған.

Жүргізуші «ГАЗель» көлігінен түтін шыққанын байқаған.

Сол себептен қасындағы жолаушы – 1969 жылы туған әйелден көліктен секіруін өтінген.

«Жүріп келе жатқан «ГАЗельден» секірген әйел көліктің астына түскен. Жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Қазір тергеу басталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Жол, Атырау облысы,
Жоғары қарай