Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
CNY 54.56

Атырау облысындағы аудан орталығы жаңғыра түспек

2019 жылдың 25 тамыз 2019 17:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Индер ауданының орталығы жаңғыра түспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индер ауданында биылдан бастап, ауқымды құрылыс басталды. Ол сәтімен аяқталса аудан айтарлықтай өзге реңкке енбек. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдық жерде 22 км қашықтықтағы аумаққа асфальт жол төселді. Индер ауданында 31 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және ауыл шаруашылығы колледжінің студенттеріне жатақхана салынуда. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген орталық саябақ та түрлене түседі. Биылғы жылы көпбалалы отбасылар үшін бірнеше көппәтерлі үй салынады. Аудан орталығында бюджет қызметкерлері мен үйге кезегінде тұрғандарға арналған 5 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олардың төртеуінде 192 пәтер болады және тағы біреуінде 80 пәтер болады»,-деді аудан әкімінің орынбасары Меірім Қалауи.

Сондай-ақ аудандағы музыка мектебінің де жаңа ғимараты болады.

Авторы: А.Соколов

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Атырау облысы, Құрылыс,
Жоғары қарай