Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында күзет күшейтілді

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 16:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Теңіз кен орнында күзет күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Атырау өңірінің де экономикалық әрі стратегиялық маңызды ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылды. Оның ішінде Теңіз кен орны да бар. Бұл кеніштегі өндіріс орындарын Қазақстанның Қарулы күштерінің әскерилері мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Теңізшевройл» компаниясының күзет қызметі өкілдерімен бірлесе күзетеді. Олардың арасында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ОДКБ) әскерлері жоқ», -деп мәлім етті Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында сұйытылған газ қоры жеткілікті екенін жазған едік.


Жоғары қарай