Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысындағы жол апаты: Бір адам ауруханада жатыр

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 05:33

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы жол апатынан бес қабырғасы сынған бір адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмғанын жазған едік. Жол-көлік апаты бүгін сағат 11:30 шамасында болған.

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданына қатынайтын тас жолдың 15-ші шақырымында екі көлік соқтығысқан. Жол бойында соқтығысқан көліктің екеуі де шетелдің тіркеуінде тұрған. Соның бірі – Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ – 2115» автокөлігін басқарған 1996 жылғы жігіттің жүргізуші куәлігі болмағаны анықталған.

«Қазір Жылыой аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінде бір адам жатыр. Ол – 48 жастағы азамат. Оның сол жақ 4,5 және 7-қабырғасы, оң жағынан 4 және 5-қабырғасы сынғаны анықталды. Кеуде тұсында жарақаты бар. Ал, 1987 жылғы тұрғынның сол жақ бұғанасы сынған. Ол дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқушы, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай