Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысының 450-ден астам кәсіпкерлік нысаны Ashyq жобасына қосылды

2021 жылдың 29 маусым 2021 18:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ashyq» жобасы Атырау облысының аумағында 26 сәуірден бері жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда Атырау облысында 463 кәсіпкер «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметтеріне қарағанда, кәсіпкерлік нысандардың 402-сі жоба қатысушысы болса, 61 нысан жоба аясында тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.

Жобаға қосылған нысандар кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтиды.

Бағдарлама енгізілген сәттен бастап өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» статусы бар 68 адам және «қызыл» статусы бар 34 адам анықталған.

11 және 28 маусым аралығында өңірде Ashyq жобасына қатысатын нысандарда «қызыл» мәртебесі бар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 17 адам анықталды. Әкімшілік жауапқа 2 тұрғын тартылды. Әрбір жеке тұлғаға 87 510 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.


Жоғары қарай