Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Атырау облысының әкімі «Chevron» компаниясының басшылығымен «Теңіз» кен орнында болған кикілжіңді талқылады

2019 жылдың 2 шілде 2019 22:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Chevron» компаниясының басшылығымен 29 маусым күні «Теңіз» кен орнында болған тұрмыстық кикілжіңді талқылады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Chevron" компаниясының Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыстағы барлау мен өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесті.


null

Нұрлан Ноғаев қазір жағдай реттелгенін, Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты.

Тодд Леви өз кезегінде "Chevron" компаниясының саясаты бойынша компанияның барлық қызметкеріне тең дәрежеде құрмет көрсетілетінін, құқықтары мен міндеттері бірдей екенін атап өтті.

"Осындай оқиғаның енді қайталанбауы үшін Теңіз жобасына тартылған барлық мердігер мекемелер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына жағдайды тез реттеуге атсалысқандары үшін ризашылық білдіремін. Алға қарай да өзара байланысымызды табысты жалғастыра беретінімізге сенеміз",- деді Тодд Леви.


null

Жоғары қарай