Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысының бес ауданына жылжымалы зертхана берілді

2020 жылдың 21 қазан 2020 09:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының бес ауданына жылжымалы зертхана берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сатып алған 100 жылжымалы диагностикалық медициналық зертхананың бесеуі Атырау облысына жетті. Оны облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аудандардан келген емдеу мекемесінің басшыларына табыстады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, мобильді диагностикалық медициналық кешен Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарына берілді. Бұған дейін жылжымалы зертхана Жылыой және Құрманғазы аудандарына жеткізілген. Осылайша, облыстың жеті ауданы бірдей мобильді диагностикалық медициналық кешенмен қамтылып отыр.

«Медициналық кешен арқылы аудан тұрғындарының созылмалы инфекциялық емес ауруларын ерте анықтай аламыз. Ол тұрғындардың денсаулық жағдайын кешенді тексеру үшін көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кешен арнайы лифт-пандуспен жабдықталған. Онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жеке кіру есігі қарастырылған», - деді басқарма басшысы.

Медициналық кешеннің ерекшелігі, бір күнде 150 адам терапевт, кардиолог, хирург, эндокринолог, оториноларинголог, окулист, ультрадыбыстық зерттеу және рентген мамандарының қызметіне жүгіне алады. Кешеннің көмегімен 60-тан астам ауруға диагноз қоюға мүмкіндік бар.



























Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Медицина, Атырау облысы,
Жоғары қарай