Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысының Индер ауданындағы тұзды көл мен жасанды карьерлер жабылды

2021 жылдың 5 тамыз 2021 02:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Индер ауданындағы тұзды көл мен жасанды карьерлер жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл көл аудан орталығы – Индербор кентінен 12, ал, «Индер-Қарабау» тас жолынан 1,5 шақырым қашықта орналасқан.

Мамандардың мәліметінше, көл жыл сайын жер асты суларымен ағып келетін 1,5 млн тонна тұзды ерітіндімен толығады. Су құрамында 22 түрлі химиялық элемент бар. Тереңдігі 50 метрден асады. Жалпы аумағы 110,5 шаршы шақырымды, ұзындығы 40 километрді құрайды.

«Индер ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалушылардың шамадан тыс жиналуына байланысты 28 шілдеде тұзды көлге, сондай-ақ, жасанды карьерлерге баруға тыйым салынған болатын. Қазір ауданда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отыр. Сондықтан, 3 тамыздан бастап аталған жерлер жабылып, аудандық полиция бөлімі мен мобильдік топ мүшелері тұрақты түрде рейд жүргізеді» -деп хабарлады аудандық әкімдіктен.




Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасаған еді.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Экология, Атырау облысы,
Жоғары қарай