Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Атырау облысының меминспекторлары қызметкерлерге құқықтарын түсіндірді

2019 жылдың 8 тамыз 2019 22:23

АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау облысында «Реформ строй» ЖШС-нің 176 қызметкері келісімшарт мерзімі аяқталғасын жұмыссыз қалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров хабардар қылғандай, бұл жерде еңбек заңнамасын бұзушылық болған жоқ.​ ​ ​
«Реформ строй» ЖШС-і келісімшарт бойынша «ССЕР»компаниясы үшін монтаждау жұмыстарын атқарған болатын. Келісімшарт 2018 жылдың наурыз айынан бастап жасалған. Жұмыстардың белгілі бір түрлері аяқталған соң, жасалған еңбек келісімшарттары тоқтатылады. Компанияның қызметкерлері бізге келіп, оларға түсінік берілді«, - деді Игілік Әубәкіров.​ ​ ​ ​

ҚР Еңбек кодексінің 30 және 51 баптарына сәйкес, жұмыстардың аяқталу датасы еңбек келісімшартының біту мерзімі болып табылады. Ал, келісімшарттың өзі белгілі бір жұмыстардың орындалу мерзіміне жасалады. «Реформ строй» ЖШС осылай жасаған. Барлық жұмыстар сәуір айының басында аяқталғанына қарамастан, қызметкерлер маусым айында жалақыларын алды. Бұдан бөлек, шілдеде жұмыстар жүргізілмегеніне қарамастан, қызметкерлерге осы айға жалақы 100 пайыз төленеді, сондай-ақ 2019 жылдың тамыз айының 4 күні үшін жалақы беріледі.
«Айта кетейін, бұл жерде ешқандай еңбек заңнамасын бұзушылық болған жоқ. Бұл нарықтық қатынастар. Ешкім ешкімді қысқартып немесе жұмыстан шығарған жоқ. Жұмыс орындалған соң еңбек келісімшартының қолданысы аяқталады» ​ ​ - деп атап өтті Игілік Әубәкіров.

Жоғары қарай