Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысының өнеркәсібінде 9 айда 5,7 млрд теңгенің өнімі өндірілген

2021 жылдың 13 қазан 2021 01:37

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының өнеркәсібінде 9 айда 5,7 млрд теңгенің өніміөндірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен

өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы отырысында айтылды.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиеваның мәліметінше, биылғы қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп саласында 5 772,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде тау-кен өнеркәсiбiндегі өнім көлемі 5 211,7 млрд теңгені құраған.

Ал, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаныш Мамбетовтің мәліметіне сүйенсек, биылғы 9 айда 34,15 млн тонна мұнай, 17,8 млрд текше метр ілеспе газ өндiрілген.

«Осы кезеңде негізгі капиталға 2,1 трлн теңгенің инвестициясы салынды. Қазір облыста жұмыс істеп тұрған 50 927 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар», -деді ол.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, өңірде жыл басынан бері 18 907 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 9 000 тұрақты, 9 907 уақытша жұмыс орны бар.

«Жұмыспен қамту орталықтарына жыл басынан бері 22 576 адам жүгінді. Оның ішінде 20 864 адам жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмыс орындарына 13 733, уақытша жұмысқа 7 131 адам жіберілді» -дейді Азамат Мәмбетов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жылу маусымына дайындыққа 3 млрд

теңге жұмсалғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай