Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Атырау облысының прокуроры блок-бекеттердің жұмысын тексерді

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының прокуроры Халидолла Дәуешов өңірдегі 4 блок-бекеттің жұмыс барысын қадағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешеден бері Атырау қаласына кіріп-шығуды шектеу үшін 4 бағыттағы блок-бекеттерде кезекшілік атқарылуда. Оған полиция мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, сондай-ақ, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері тартылды.

«Уақытша шектеулерді жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуроры Халидулла Дәуешов «Атырау-Астрахань» және «Атырау-Орал» бағытындағы блок-бекеттерде болды. Шығу нәтижесімен шектеу іс-шараларын жүзеге асыру барысында уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмі үйлестірілді. Облыстық прокуратура төтенше жағдайға, карантин мен шектеулерге қарай мобильді топ құрды. Бұл топ белгіленген тәртіптің сақталуына жүйелі негізде тексеру жүргізуде» -деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның моблиьді тобы тәулік бойы жұмыс істейді.





Жоғары қарай