Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда 1,1 мыңнан астам ЖОО түлегі жастар тәжірибесіне жіберіледі

2020 жылдың 14 маусым 2020 05:11

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында «Жастар тәжірибесіне» 1 140 түлек жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жақында Атыраудағы үш жоғары оқу орнынан 3 000-нан астам түлек диплом алмақ. Олар 11 факультетте 79 мамандық бойынша білім алған. Сондай-ақ, 25 колледжді 4 мыңнан астам студент бітіреді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша, биыл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» үшінші бағыты шеңберінде «Жастар тәжірибесіне» 1 140 адамды жіберу жоспарланған.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан 240 жас «Жастар тәжірибесіне» жіберілген. Ал, былтыр 1325 адам аталған жобаға жолдама алған. Олардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Еске сала кетсек, Атырауда «Дипломмен –ауылға» жобасымен 40-қа жуық жас маман ауылға барып, жұмыс істейді.

Жоғары қарай