Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 1 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

2020 жылдың 17 мамыр 2020 18:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 1 жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше, 16 мамырда сағат 18:00 шамасында Мақат ауданының орталығында болған. «Болашақ» шағынауданындағы 3 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтер терезесінен 1 жастағы бала құлап кеткен.

Терезеден құлаған балақай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Қазір оның жағдайы ауыр.

«Оқыс оқиғаға баланы қараусыз қалдыру себеп болып отыр. Облыста жыл басынан бері осындай 2 оқиға тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Қоғам, Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай