Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда 137 мыңнан астам масканы заңсыз сатқандар  ұсталды

2020 жылдың 11 шілде 2020 06:26

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 137 500 масканы заңсыз сатқан екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Атырау қаласында медициналық масканы рұқсат құжатынсыз сатып жүрген екі ер адам анықталған.

«Полиция қызметкерлері 10 шілдеде жедел іздестіру шарасы кезінде «Лесхоз» ықшамауданында екі адамды қолға түсірді. Олар осындағы ғимараттың бірінде медициналық масканы лицензиясыз әрі қымбат бағаға сатқан. Ұсталғандардан 137 500 медициналық маска тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының екі тұрғыны үйлерін дәріханаға айналдырғанын хабарлаған болатынбыз.



Жоғары қарай