Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 14 290 адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болды

2021 жылдың 17 маусым 2021 06:34

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар екі есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше, биылғы 1 маусымға дейін 14 290 адам «Еңбек» мемлекеттік

бағдарламасының қатысушысы болған. Өткен жылғы осы кезеңде аталған бағдарламаға 6704 адам қатысқан.

​«Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді оқу курстарына 708 адам жіберілді. Екінші бағыт бойынша жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін 160 адамға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік гранттар мен 102 адамға несие берілді. Ал, үшінші бағытпен 12 739 адам қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыспен 7 649 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен 348 адам қамтылды. Сондай-ақ, жастар тәжірибесіне 294 түлек, қоғамдық жұмыстарға 4 448 адам тартылды», -деп хабарлады басқарманың мамандары.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 7060 адамға әлеуметтік көмек тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай