Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 16 қабатты тұрғын үй өртенді

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 10:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 16 қабатты үйде электр кабельдері жанып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

«22 қаңтар күні сағат 02.46-да Атырау қаласының «101» пультіне Алмагүл шағынауданындағы 16 қабаттты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 9-дан 12-інші қабат аралығындағы кабельді каналда электр сымдары жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялауға және жалынды сөндіруге дереу кірісті. Мәселен, саты арқылы 10 адам құтқарылды, оның 4-еуі – балалар. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і – балалар», - деді ТЖК-дан.

Тілсіз жау 03.40-та толығымен ауыздықталды. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Атап өтілгендей, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 21 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.


Жоғары қарай