Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 2,6 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 24 қараша 2020 14:55

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 2 миллион теңгеден асатын айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері «Атырау-Доссор» тасжолында «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда, жүргізуші полициейлердің талабына бағынбаған.

Тәртіп сақшылары қала шетіндегі «Жұлдыз» шағынауданында тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің мемлекеттік белгісі жалған болып шықты.

«24 жастағы жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің бірнеше бабын бұзған. Соның негізінде 7 әкімшілік хаттама толтырылып, 180 570 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан басқа, аталған кодекстің 590-бабының 4-бөлімімен және 596-бабының 3-бөлімімен тағы 2 әкімшілік хаттама сотқа жолданды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталған автокөліктің жалған мемлекеттік белгісінде 2 млн 391 858 теңгені құрайтын 104 айыппұл, өзіне тіркелген мемлекеттік белгісінде 272 мың 244 теңгенің 12 айыппұлы бары анықталды.

Екі миллион теңгеден асатын бережағы бар автокөлік айып тұрағына қойылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 14 млн теңге айыппұлын төлемеген 192 жүргізуші ұсталған еді.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Көлік, Заң, Жол, Атырау облысы,
Жоғары қарай