Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 21 жастағы бойжеткен көпірден секіріп, суға кеткен

2020 жылдың 14 маусым 2020 15:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 21 жастағы бойжеткен көпірден секіріп, суға кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусым сағат 23:20 шамасында 1999 жылы туған бойжеткен қаладағы орталық көпірден секіріп кеткен.

Бүгін Жедел құтқару жасағының қызметкерлері оның денесін көпірдің астынан тауып, жағаға шығарған.

Еске сала кетелік, кешеден бері Жайыққа батып кеткен 27 жастағы жігіттің денесі табылмай жатыр.





Жоғары қарай