Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Атырауда 24 жастағы құрылысшы мерт болды

2019 жылдың 15 шілде 2019 22:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы құрылыс нысанында 24 жастағы жамбылдық қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға «Zaman» тұрғын үй кешені құрылысында болған.

«BI GROUP» компаниясының «ТамДан құрылыс Астана» мердігер ұйымында істейтін жігіттің басына биіктен темір құбыр құлап түскен. Басынан ауыр жарақат алған жұмысшы облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер жас жігітті құтқарып қала алмады.

«Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылады. Ол жұмысшының қаза табу себебін тексереді», - деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.



Авторы А.Соколов

Жоғары қарай