Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда 3 мыңнан астам әлеуметтік нысан құжаттандырылды

2020 жылдың 10 маусым 2020 23:45

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру мақсатында 3141 нысан құжаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлфия Төлеғариеваның мәлім етуінше, Атырауда 23 000-нан астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Оның ішінде бірінші топта – 1 895, екінші топтағы 9 629 адам бар. Ал, үшінші топтағы мүгедектер 8049 адамды құрады.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 3 688. Есту және көру қабілеті төмен, арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру үшін бірқатар нысандарға бейімдеу жұмыстары жүргізілген.

«Қазіргі уақытта облыстағы әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандардың барлығы құжаттандырылды. Оның ішінде 1389 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілді», - деді Әлфия Төлеғариева.

Оның айтуынша, Атырау облысында жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандар 1303 оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз етілген.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Құрылыс,
Жоғары қарай