Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 3 тоннадан астам балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді

2021 жылдың 3 мамыр 2021 16:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 3 тонна тірі, 470 келі өлі балық жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Ғайсиннің мәліметінше, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Атырау қаласына таяу орналасқан Бесікті ауылының маңындағы «Безымянное» жайылмалы көліне қарагөз балығы шыққан.

Алайда, аталған көлде су деңгейі төмен болған. Сол себептен, балық жағаға шығып, өле бастаған. Ал, балықты жинап алуға көптеген жергілікті тұрғындар келген.

«Осыған байланысты құрамына біздің инспекцияның, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалының, облыстық балық шаруашылығы басқармасының, сондай-ақ, экология департаментінің өкілдері кірген арнайы комиссия құрылды. Кеше, 2 мамырда жиналған 470 келі өлі балық жойылды. Ал, 3 тоннадан астам

тірі балық құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді», - деді Нұрлыбек Гайсин.

Балықты құтқару жұмысына 10 инспектор, жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам, әкімшілік 3, инспекциядан 4 техника тартылған.





Жоғары қарай