Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда 4-қабаттан құлап, күнқағарға ілініп қалған ер адам құтқарылды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 12:37

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 4-қабаттан құлаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бүгін, 13 қаңтарда сағат 00:58-де болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесіндегі

тұрғын үйдің 4-қабатынан ер адамның құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында 1994 жылғы жігіттің 4-қабаттағы кіреберіс терезесінен секіріп, 2-қабаттағы күнқағарына ілініп қалғанын анықтады. Құтқарушылар ілініп тұрған жігітті құтқарып, жедел медициналық көмек дәрігерлеріне тапсырды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Авариялық-құтқару жұмысына жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының тұрғындарынан Call орталыққа 300 мыңнан астам қоңырау түскенін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай