Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 60 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 23:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 60 жастағы әйел коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 60 жастағы Фария Батырбаева модульдік ауруханада 2 айдан астам уақыт ем қабылдаған.

«Науқас жансақтау бөліміне өте ауыр жағдайда түсті. Сатурациясы (қан құрамындағы оттегі) төмен еді. Оған қоса демікпе пайда болды. Кезекші инфекционист пен реаниматолог мамандар науқасты бақылауға алып, тиісті ем-дом шарасын көрсетті. Науқас 1 ай жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Содан соң оның жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды» - дейді резидент-реаниматолог Дархан Жақсылық.

Оның айтуынша, 15 қыркүйекте күні Фария Батырбаева ауруханадан үйіне шығарылған. Енді пациенттің жағдайы учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2 жасар бала коронавирустан жазылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай