Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 7 мыңнан астам ерекше балаға қолдау көрсетілді

2021 жылдың 1 қыркүйек 2021 06:28

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ерекше қажеттілігі бар 7 мың балаға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім күні қарсаңында «Айналайын» қайырымдылық марафоны өтті.

Іс-шараға Атырау қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің инклюзивті сынып оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

«Ерекше балаларды оқыту үшін инклюзивті білім беруге баса көңіл бөлініп отыр. Қазір облыста арнайы кеңес беру, түзету кабинеттері жұмыс істейді. Мектеп-интернаттар жанынан оңалту орталықтары іске қосылды. Ал, мектептерде жаңа форматта инклюзивті сыныптар ашылуда. Енді ерекше балаларға психологиялық, медициналық, педагогикалық кеңес беру үшін Атырау қаласында арнайы орталық салу жоспарлануда» - дейді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, өңірде 7 мыңнан астам ерекше бала бар. Оның 3 мыңнан астамы Атырау қаласында тұрады.

Олардың бәріне бір мезетте сауда орталықтарынан мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алу үшін сертификат табыс етілді.




Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мың сыйлық таратылғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай