Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Атырауда 721 адам  42500 теңгеден төлем алды

2020 жылдың 5 сәуір 2020 15:28

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 721 адамның әрқайсысы 42500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 1200 адамнан өтініш түскен. Олар өтінішін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42500 теңге көлеміндегі төлемді алу үшін берген. Соның ішінде 721 адамның әрқайсысына 42500 теңгенің әлеуметтік төлемі төленген.

«Жеке адамдар мен мекемелерден өтініш сайты арқылы электронды түрде қабылданды. Сонан соң өтініштер арнайы қаралды. Шағын кәсіпорындардан түскен құжаттар облыстық штабқа жолданды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар мен азаматтардың құжаттары «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына жіберілді. Осының негізінде олардың мәліметтері есепке алынып, әлеуметтік төлем тағайындалды» -деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.


Жоғары қарай