Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 8 айда жол апатынан 39 адам мерт болды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 00:56

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 8 айда жол апатынан 39 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бергі 8 айда 159 жол-көлік апаты болған. Соның салдарынан 199 адам жарақат алып, 39 адам көз жұмған.

«Жүргізушілердің көлік жылдамдығын арттыруын, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты –жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау, соның ішінде мас күйінде көлік құралын басқару, жылдамдық режимін арттыру, басып озу, жолдың қарсы бетіне шығып кету сияқты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Алдын алу шараларын өткізудің нәтижесінде былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда облыста жол-көлік оқиғаларының саны 15,4%-ға (188-ден 159-ға дейін), жараланғандардың саны 23,5%-ға (260-тан 199-ға дейін), ал қаза болғандардың саны 4,9%-ға (41-ден 39-ға дейін) азайды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда нөмірсіз жүрген 200-ге жуық көлік анықталғанын жазып едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Көлік, Заң,
Жоғары қарай