Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда Абай мұрасына арналған суретшілер симпозиумы өтті

2021 жылдың 8 қазан 2021 16:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Сурет әлеміндегі Абай мұрасы» атты суретшілердің республикалық симпозиумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлының айтуынша, симпозиумның мақсаты – ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына қызығушылықты арттыру. Суретшілердің қылқаламымен ақын өлеңдеріне, аудармаларына, болмысына жаңаша сипат беру.




«Сипозиумға еліміздің әр өңірінен 20 өнер өкілі мен қылқалам шебері қатысты. Олар музей қорына өздері салған 40-қа жуық жаңа туындыны ұсынды. Қылқалам шеберлерінің қиялынан туындаған суреттер топтамасындағы «Абайдың қара сөзі», «Абай», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Тоғжанның келбеті» сынды картиналар көрерменге ерекше сезім сыйлады», -дейді Төлеген Орынбасарұлы.

Облыс әкімдігі симпозиумға қатысушыларға алғыс хаттар мен 200 мың теңге сомасына сертификаттар табыстады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қала күніне арналған көрмеге 100-ден астам фотосурет қойылғанын жазған едік.














Жоғары қарай