Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырауда Ashyq қосымшасымен «қызыл» мәртебесі бар 61 адам анықталды

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 19:43

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ashyq қосымшасымен «қызыл» мәртебесі бар 61 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Мұрат Қамзиннің айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамадар қоғамдық орындарға емін-еркін барып жүрген.

«Қауіпті вирусқа шалдыққан адамдар ХҚКО-ларда, сауда орындары мен базарларда, әуежайда, дүкендерде және басқа да нысандарда көрсетілетін қызметтерді пайдалануға тырысқан. Жыл басынан бері Атырауда Ashyq қосымшасымен «қызыл» мәртебесі бар 61 адам анықталды. Олар – коронавирус инфекциясын таратушылар. Осыған байланысты амбулаторлық емдеуге оқшауланған адамдарды карантиндік шектеу режимін бұзбауға, қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз», -дейді Мұрат Қамзин.

Еске сала кетелік, жаңа жылдан бері 5 мыңға жуық атыраулық коронавирусқа шалдыққанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай