Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Атырауда ауыл әкімдерінің қызметтік көлігі 10 жылдан бері жаңармаған

2020 жылдың 22 мамыр 2020 13:57

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы ауылдық округ әкімдерінің қызметтік көлігі 10 жылдан бері жаңармаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылқоға ауданының әкімдігі 18 автокөлік сатып алуға ашық конкурс жариялаған. Соның ішінде әрқайсысының құны 5 млн теңгеге бағаланған «Нива» маркілі 10 көлік бар. «Нива» көліктері аудандағы 10 ауылдық округ әкімдеріне берілгелі отыр.

«Ауылдық мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік көлік 10 жыл бұрын сатып алынған, содан бері жаңартылған жоқ. Барлық көлік әбден тозды. Қазір округ әкімдері өздерінің жеке көліктерімен қатынап жүр. Сол себептен, 10 ауылдық округ пен 5 аудандық бөлім үшін қызметтік автокөлік сатып алуға шешім қабылданғанып отыр», - деп түсіндірді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аудан әкімінің екі орынбасары үшін жол талғамайтын 2 кроссовер көлігін сатып алу да жоспарланған. Алайда, кейін аудан әкімдігі бұл көліктерді сатып алудың қажеттігі жоқ деген шешімге келген. Қазір әкімдік 16 қызметтік көлік сатып алуды ұйғарған.


Жоғары қарай