Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда әйелін қызғанған 35 жастағы жігіт туысының пәтеріне жасырын камера қойған

2021 жылдың 18 қазан 2021 21:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 35 жастағы жігіт туысының пәтеріндегі жуынатын бөлмеге жасырын камера қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы полицияға 36 жастағы әйел шағым түсірген.

Полицияға 17 қазанда 36 жастағы әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғаны туралы шағым түсірді.

Жеке өмірге қолсұғушылық қылмысын жасаған күдікті арызданушының күйеу баласы болып шықты.

«Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонаққа келетін әйелін қызғанып, жасырын камера орнатқан. Камераның жанына қуаттағышын жалғаған 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік терезесін сындырып, 2 млн теңге ұрлағандар ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.













Жоғары қарай