Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда әйелін ұрып-соққан ер адам 7 күнге қамалды

2021 жылдың 30 шілде 2021 15:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда отбасының шырқын бұзып, әйелін ұрған ер адам 7 күнге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласы полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Нұргүл Сарсенованың айтуынша, жыл басынан бері отбасы-тұрмыс қатынасына қатысты 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

«Отбасының тыныштығын бұзғандарға ҚР Әкімішілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай құқық бұзушының бірі – 35 жастағы тұрғын. Ол заңды некедегі әйелін ұрып-соғып, отбасында жанжал шығарған. Тексеру кезінде ерлі-зайыптылар арасында түсініспеушілік орын алғаны анықталды» -дейді Нұргүл Сәрсенова.

Зайыбына қол көтерген азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2 бабы 1-1-бөлімімен (ұрып-соғу, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) әкімшілік хаттама толтырылды. Сот сот шешімімен 35 жастағы тұрғын 7 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалған болатын.


Жоғары қарай