Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда балалардың иммунитетін көтеру жөнінде емханаларға тапсырма берілді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 12:57

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Коронавирустан балаларды қалай қорғаған жөн? Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров балаларға жоспарлы вакцина салу қажеттігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметінше, қазір «екінші толқыннан» балаларды сақтандырудың алдын ала шаралары қабылдануда.

«Тұмау, суықтау сынды инфекция түрі күзде, қыста күшейеді. Сондықтан, вакцинация жасалуы керек. Жалпы балалардың алдын ала иммунитетін көтеру жөнінде емханаларға тапсырма берілді. ​Мәселен, ересек адамдарға тұмауға қарсы екпе салынатын болса, балаларға жоспарлы вакцина бар», деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бұдан бұрын Атырауда емханалар жоспарлы емдеуді бастағанын жазған болатынбыз.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Медицина,
Жоғары қарай