Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда балаларының көзінше әйелін ұрып соққан ер адам екі күнге қамалды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 22:14

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда балаларының көзінше әйелін ұрып-соққан ер адам екі күнге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының аға инспекторы Райса Айтжанованың айтуынша, тұрмыстық заң бұзушылық көбінесе маскүнемдік пен жұмыссыздықтан туындайды. Одан жапа шегетіндердің дені – әйелдер.

«Мәселен, жақында 102 операторына 40 жастағы әйелден шағым түсті. Жәбіреленуші заңды некедегі күйеуі – 1979 жылы туған азаматтың ішімдік ішіп, өзін ұрып-соғып, 4 баласының көзінше жанжал шығарғаны туралы хабарлады. Учаскелік полиция инспекторлары жанжал шығарған азаматты учаскелік полицияға жеткізді. Ұрыстың шығу себебін анықтап, аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-2 бабымен (ұрып-соғу, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді Райса Айтжанова.

Сот шешімімен 42 жастағы азамат 2 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әйелін ұрып-соққан ер адам 7 күнге қамалғанын жазған едік.


Жоғары қарай