Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда балық қорын пайдаланушылардан бюджетке 121 млн теңге түсті

2020 жылдың 14 маусым 2020 17:13

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында балық қорын пайдаланушылардан бюджетке 121 млн теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәліметінше, көктемгі балық аулау маусымында 6 492 тонна балық ауланған.

«Оның ішінде Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін екі зауыт үшін 289 бағалы балық бар. Бұлар – салмағы 148 кг аналық қортпа, 15 бекіре, 252 шоқыр мен 21 сүйрік. Аталған зауыттарда өсірілген бекіре шабақтарын Жайық өзеніне жіберу шілде айына жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жайық пен Қиғаш өзендерінен, Каспий теңізінен балық аулаған құрылымдардан балық қорын пайдаланғаны үшін бюджетке 121 млн теңгеден астам қаржы түсті», - деп хабарлады Олег Тушканов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қазақстанның Ресей, Украина, Әзербайжан мен Израильге 4069 тонна балық экспорттағанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай