Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бас бостандығы шектелген 8 сотталушы түрмеге қамалуы мүмкін

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 04:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бас бостандығы шектелген 8 сотталушы түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметі профилактикалық іс-шара өткізіп жатыр. Шараға полиция қызметкерлерімен қатар, пробация қызметінің 33 қызметкері жұмылдырылды.

Пробация қызметінің есебінде тұрған 499 сотталушының мекенжайына тексеру жүргізілген.

«Тексеру кезінде бас бостандығы шектелген 39 сотталушының сот жүктеген міндеттерден жалтарғаны анықталып, оларға ескерту жарияланды. Ал 8 сотталушыға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолданды», - дейді Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Нұрлан Қабдолов.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Сот, Заң, Атырау облысы,
Жоғары қарай