Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бетперде кимеген жолаушылар қоғамдық көлікке кіргізілмейді

2021 жылдың 16 сәуір 2021 20:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бетперде кимеген жолаушылар қоғамдық көлікке кіргізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысына сәйкес, жексенбіде қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынып отыр.

Ертең, 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес, қаладағы қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндері және сенбіде штаттық кестемен рұқсат беріліп отыр. Ал, жексенбіде қоғамдық көліктер қозғалысына тыйым салынған.

«Қарбалас кезде қоғамдық көлік желіде максималды шығуы керек, қоғамдық көліктің толтырылуы отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Көлік барлық есігін ашуы керек, жолаушыларға қолжетімді жерлерге антисептик құйылған санитайзер орнатылуы, бетперде кимеген жолаушыларды кіргізілмеуі тиіс», - делінген қаулыда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай