Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бір аптада 9 баланы ит қапты

2020 жылдың 24 қазан 2020 19:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда бір аптада 9 баланы ит қапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 15-22 қазанда 9 баланы ит қауып, дене жарақатын алғаны анықталған.

«Талдау көрсеткендей, балалардың бесеуін бұралқы иттер, үшеуін көршісінің, ал біреуін өз ауласындағы иті қапқан. Тоғыз баланың бәрі де алғашқы медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер ит қапқан балалардың жарақатын жеңіл дәрежеде деп қорытынды жасады. Тіркелген оқиғалардың тек біреуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 408-бабымен хаттама толтырылып, ит иесіне 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған 8 дерек бойынша жәбірленушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ» -деді департаменттің баспасөз қызметі.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай