Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бір күнде 30-ға жуық жол-көлік апаты тіркелді, зардап шеккендер бар

2021 жылдың 25 қараша 2021 13:17

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көктайғақтың салдарынан бір күнде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда көктайғақта екі көлік соқтығысып, бір жолаушы а уруханаға түскенін жазған едік.

Ал, кеше, 24 қарашада қар жауып, ауа-райы бұзылды. Метеорологиялық жағдайдың нашарлауынан Атырау қаласындағы жолда 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Жүргізушілердің басым көпшілігі көлігінің шанағына қысқы дөңгелек орнатпаған. Бұл әсіресе, көктайғақта жүруді қиындатып, жол-көлік оқиғасына ұрындырады. Мәселен, 24 қарашада сағат 14:30 шамасында 1993 жылғы жүргізуші «Mercedes Benz» көлігінің рульіне ие бола алмай, С.Бейбарыс даңғылында орналасқан дүкеннің темір қоршауына соғылды. Ал, сағат 20:00 шамасында«LADA-2114» көлігі С.Бейбарыс даңғылы мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысында солға бұрылу кезiнде қарсы бағытта келе жатқан «Toyota Alphard» көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «LADA-2114» көлігіндегі жолаушы әртүрлi дене жарақатын алды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір 49 жастағы әйел облыстық аурухананың травматология бөліміне жатыр.

Атыраулық полицейлер жүргізушілерді ауа-райының күрт суытуына байланысты жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырып отыр.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Жол, Көлік,
Жоғары қарай