Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді

2021 жылдың 8 наурыз 2021 08:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдиниет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«2021 жылдың 9 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптарын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25 баладан аспайтын бала санымен аралас форматта оқытуға рұқсат етілсін», делінген құжатта.

Сондай-ақ, оқу бітіретін сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, санитариялық- дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін сақтау), арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат берілді.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейгенін хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай