Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бокстан V жастар ойыны басталды

2021 жылдың 17 мамыр 2021 20:45

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Қазақстанның бокстан V жастар ойыны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорттық шара ашылу салтанаты «Атырау» спорт кешенінде өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова облыстық бокс федерациясының президенті Шухрат Данбай, ҚР еңбегі сіңген спорт шеберлерлері қатысты.





«Тәуелсіздік жылдарынан бері спортшыларымыздың спорттың әр түрінен байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүргеніне куә болып келеміз. Егемен Қазақстанымыздың рухы биік, ерік-жігері мықты, дені сау жас ұрпағын тәрбиелеуде мұндай спорттық шараның маңызы зор», - деді Бақытгүл Хаменова.

Төрт жылда бір өтетін спорттық сайыста 11 салмақта 400-ге жуық жас былғары қолғап шебері бақ сынауда. Ақтық сындар 23 мамырда өтеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Түйе палуандар» анықталған еді.











Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Жоғары қарай