Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда бұрынғы тойхана тігін цехына айналды

2020 жылдың 21 қазан 2020 21:39

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бұрынғы тігін цехына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, атыраулық кәсіпкер Мейрамгүл Иманғалиева мейрамхананы тігін шеберханасына айналдырған. Ол бұл іске үлкен дайындықпен келген. Бала тәрбиесімен үйде отырған кезде «ханшайым мақпалы» деп аталатын матадан көрпе тігіп үйренген. жүрген.

«Сол кезде құрақ көрпе тұрғындардың бәрінде болған жоқ. Мен үйімде тапсырыс қабылдап, ісімді ұлттық нақыштағы көрпе-төсектер тігуден бастадым» - дейді Мейрамгүл Иманғалиева.

Осылай тәжірибе жинаған ісмер 2016 жылы өз кәсібін ашқан. Ұлттық үлгідегі қыз жасауы мен киім-кешек, түрлі бұйымдарды сәндеп тігетін шебер отбасылық ісін кеңейтіп, тапсырыс көлемін арттырған.

«Әсіресе, қыз жасауына тапсырыс көп түсіп, қызметкерлер саны артқан соң шағын цехты кеңейтуді ойдадық. Наурыз айынан бері Атырау қаласының іргесіндегі Көкарна ауылында бос тұрған «Ажар» тойханасын жалға алып, жұмысымызды жандандырдық» - дейді кәсіпкер.

Қазір тігін цехында 25 адам жұмыс істейді. Ою оюға арналған екі лазерлі станок алған. Айына 100-150 дана топтамаға тапсырыс түседі. Кәсіпкер тігіншілерді тегін түскі аспен қамтып отыр. Сондай-ақ тігіншілерге 150 мың теңгеге дейін жалақы төлейді.


Жоғары қарай