Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Атырауда даладан табылған нәресте: Сотқа дейінгі тергеу басталды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 14:36

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда кәріз құбырынан нәресте табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәрсенбі күні «Авангард» ықшамауданында тұрғындардың бірі кәріз құбырынан жаңа туған сәбиді тапты. Шақалақ облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кувезге жатқызылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 119 бап, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе жүз жиырма сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмысқа тарту не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырауда кәріз құбырынан нәресте табылып, медицина мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын жазған болатынбыз.


Басты сөздер: Атырау облысы, Медицина, Оқиға,
Жоғары қарай