Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатқан

2020 жылдың 10 шілде 2020 02:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мониторингтік топ дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатқан дәріханаларды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызмет, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, фармацевтикалық бақылау және Атырау қалалық әкімдігінің қызметкерлерінен құралған мониторингтік топ бірнеше дәріханаға тексеріс жұмыстарын жүргізген. Бұған тұрғындардың Атырау қаласындағы 15 дәріхана қатысты айтқан шағымдары негіз болған.

«Мәселен, «Байзар» сауда ойын-сауық орталығындағы «Зеленая» дәріханасында бағаны

көтеру фактісі анықталып отыр. Мұнда «Канефронның» бір данасын 335 теңгеге,

«Флемоксин Солютаб» препаратының бағасын 152 теңгеге өсірген. Ал, «На Гурьевской»

дәріханасы «Цефазолин» дәрісінің бағасын 18 теңгеге қымбаттатқан.

Мониторинг нәтижесі тиісті шара қабылдау үшін фармацевтикалық бақылауға жіберіледі.

Тұрғындардан дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына байланысты фактілер анықталса, хабар беруін сұраймыз. Дәрі-дәрмек бағасын шектен тыс көтергені үшін дәріханалар басшылығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 426-бабына сәйкес

әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға

70-тен 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», - деді Атырау қаласы әкімінің

орынбасары Самат Емберген.

Оның айтуынша, тұрғындар дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі

бойынша 8 (7122) 35 42 10 байланыс нөміріне хабарласып, шағым түсіре алады. Егер

дәрі-дәрмек бағасы туралы күмән туындаса, олардың негізгі шекті бөлшек сауда құнын

DARI.KZ қосымшасы, ndda.kz сайты немесе ҚР Денсаулық сақтау министрінің бекітілген

бұйрығы (adilet.zan.kz) арқылы тексеруге мүмкіндігі бар.

Еске сала кетелік, бұған дейін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов дәрі-дәрмектің

бағасы қатаң бақылатынын айтқан болатын. Бақылау барысында «Вердант» деп аталатын

косметологиялық кабинеттің заңсыз әрекеті әшкереленді. Аталған кеңсе елімізде

тіркелмеген фармацевтикалық өнімдердің жүзден астам түрін лицензиясыз сатып келген.



Жоғары қарай