Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда дәріхананы тонап кетті

2020 жылдың 1 шілде 2020 15:19

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полицейлер дәріхананы тонаған ұрыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, дәріхананы тонау маусымның 17-нен 18-не қараған түнде болған.

«Атырау қаласындағы Азаттық даңғылы бойында орналасқан дәріханалардың бірінің терезесін ығыстыру арқылы кіріп, ASER ноутбукты, дәрі-дәрімектерді қолды еткен азамат анықталды. Күдікті бұрын бірнеше рет ұрлық қылмысымен сотталған. Қазір 1984 жылғы күдікті ұсталып, сотпен оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған ұрлық) жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын суға батқан жігітті аман алып қалған полицей туралы жазғанбыз.



Жоғары қарай