Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда дарынды оқушыларды қолдайтын орталық ашылды

2020 жылдың 24 қазан 2020 08:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыстық білім басқармасы жанынан «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтің айтуынша, бұл орталық дарынды оқушыларға қолдау білдіру мақсатында ашылған.

«Орталықта оқушылар қабілетіне қарай шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік бар. Мақсат – дарынды балаларға қолайлы жағдай жасау. Мамандар осы бағытта жұмыс істеп, елді елең еткізер нәтиже көрсететініне сеніміміз мол» - дейді басқарма басшысы Сатқан Есенғалиев.

Оның айтуынша, бұған дейін мұндай құрылым әдістемелік орталықта ашылған «Дарын» бөлімі ретінде жұмыс істеген.

Енді жаңа орталықта дарынды балалармен жұмысты жоспарлау, таланттыларды анықтап, оларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу сынды қызмет түрлері жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жалпы білім пәндерінен республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушы алоэ өсімдігінен сусабын мен йогурт жасап шығарғанын жазған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Білім, Атырау облысы,
Жоғары қарай