Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда ер балалар арасында джиу-джитсудан өткен турнирде 11 жастағы қыз чемпион болды

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 23:36

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 11 жастағы Әдемі Дүйсенғалиқызы Атырауда ер балалар арасында джиу-джитсудан өткен ашық турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ер балалармен бір дәрежеде белдесіп үйреніп қалған Әдемі үшін бұл күрес түрлерінен өткен ірі жарыстарда қол жеткізіп отырған бірінші жеңіс емес.

«Әдемі Дүйсенғалиқызы Жаңаталап ауылындағы күрес секциясына осыдан бірнеше жыл бұрын келген. Ол спортпен өзінің достарымен бірге айналысқанды қалады, оны қыздың ата-анасы да сұрады. Мен қыздың дарынды екенін жаттығудың алғашқы сәттерінен-ақ байқадым. Оның жеңіске деген құлшынысы ерекше еді. Ол өзінің ер бала болса да қарсыластарын жеңіп жүрді. Біз оны жарысқа алу керек деп, тәуекелге бел будық. Әуелде төрешілер ер балалардың арасында қыз неге жүр деп, біздің шешімімізді қолдай қоймады. Қазір оның барлығы да ұмыт болды, кез-келген жарыста бәрі Әдемінің келуін күтіп жүреді. Ал оның жеңіс жолына кез-келген балуанның қызығатыны сөзсіз. Әдемі греплингтен ер балалар арасында өткен Қазақстан чемпионатының финалисі, грэплингтен ер балалар арасындағы Атырау облыстық чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ джиу-джитсудан өткен ашық турнирлердің екі мәрте чемпионы, дзюдодан республикалық турнирлердің екі мәрте финалисі»,-деді ҚазАқпарат тілшісіне жас дарынды спортшы туралы оның бапкері Әнуарбек Батаев.





Қорыта айтқанда, жас талантты бапкердің тәлімгерлерінің арасында көптеген жарыстардың чемпионы атанған ер балалар да жетерлік.


А.Соколов


Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Жоғары қарай