Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталды

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 04:31

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция қызметкерлері есірткі сайтын жарнамалаған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында белгісіз біреу тұрғын үйлердің қабырғасы мен қақпасына есірткі және психотроптық заттарды насихаттайтын бірнеше сайттың атауын жарнамалайтын парақтар жапсырған.

«Полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде 33 жастағы әйелдің осы іске күдікті ретінде анықталды. Қазір аталған азаматша ұсталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерек қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1 бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық тұрғын жатын бөлмесін жылыжайға айналдырып, есірткі өсіргенін хабарлаған едік.



Жоғары қарай