Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда ғаламторда жезөкшелікті жарнамалаған 16 қыз есепке алынды

2021 жылдың 5 желтоқсан 2021 22:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ғаламторда жезөкшелікті жарнамалаған 16 қыз есепке алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс шарасы кезінде анықталған.

«Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) 1 дерек анықталды. Ал, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) 24, аталған құжаттың 450-бабымен (Көрнеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларын ұсыну) 1 адамға хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысатын тұлғалар жиналатын жерлер, интернет-сайттар мен жарнамалық хабарландырулар тексерген. Ғаламтор желісіндегі KIZDAR.NET сайтына жыныстық қызмет көрсетуге анкеталық жарнама берген 16 жезөкше анықталған. Олар «жеңгетай-жезөкше» санатымен есепке алынған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда өзге қалалардан келген жеңіл жүрісті қыздар ұсталғанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай