Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда газ құю стансасында көлік жарылды

2020 жылдың 11 шілде 2020 14:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында газ құю станциясының жанында өрт салдарынан көлік жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға Мақат ауданында кеше болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 шілдеде сағат 21:40-та «УАЗ» көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. «Доссор-Атырау» тас жолының шыға берісінде орналасқан «Промгаз» газ құю стансасының қасында 2007 жылы шыққан автокөлік өртенді. Өрт кезінде көлік жарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге «Семсер» және Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда дәмхана түгі қалмай жанып кеткен еді.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Атырау облысы,
Жоғары қарай