Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда грепплингтен​ ​Азия​ ​чемпионын атып кетті

2020 жылдың 11 тамыз 2020 19:05

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда белгілі спортшы,​ грепплингтен​ ​ Азия​ ​ чемпионы Есенбек Сиғуатов оқ тиіп, көз жұмды. Оны өлтірген​ 36 жастағы азамат қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға 9 тамызда сағат 03:10 шамасында Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылында болған.

«Ауылдың екі тұрғыны арасында келіспеушілік туындаған. Оның бірі атыс қаруын қолданып, салдарынан 2002 жылы туған азамат оқтан дене жарақатын алған. Кейін ауруханада қайтыс болған. Полиция қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтады. 1994 жылы туған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды» -деді департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындаған. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті үсталған еді.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы,
Жоғары қарай